«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕРДІҢ ТӘРТІБІ НАШАР

Өңірімізде бір ғана қаңтар айында 460 жаяу жүргінші жода жүру ережесін бұзған. Былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда, олардың тарапынан жасалатын заң бұзушылықтар азайғанымен, жаяу жүргіншілердің тәртібі жақсарды дай алмаймыз. Былтыр қаңтарда 725 жаяу солтүстікқазақстандық жауапкершілікке тартылған болатын.

«Барлық дерлік ереже бұзушылықтар – жолды белгіленбеген жерден кесіп өту. Сонымен қатар жаяу жүргіншілер, келе жатқан көліктің бар-жоғына көз жеткізу үшін жан-жағына қарауды да естен шығарып алады. Кейбіреулері құлаққаппен жүріп, автокөліктің дыбысы түгіл, сигналын да естімейді. Қыс мезгілінде көлік ақырын келе жатқанның өзінде кілт тоқтуы мүмкін еместігін ескерген жөн. Жаяу жүргіншілер жол ережесін бұзғанда, екі айлық есептік көрсеткіш мөлшеріндегі айыппұл төлеп қана қоймай, өзінің және жол қозғалысының өзге де қатысушыларының өмірі мен денсаулығына қатер төндіретінін ұмытпаса игі», – дейді жергілікті полиция қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Азамат Жамұқов.
Жаяу жүргіншілер көбінесе көлік легі көп жерлерде ереже бұзады. Мұндай жағдай Петропавлда «Алтын арман» және «Тайга» базарларына іргелес көшелерде жиі кездеседі. Құқық бұзушылар реттелетін жаяу жүргінші өткелдері тым алыс дегенді сылтауратады. Жаяу жүргіншілер өткелдерін орнату мәселесі мемлекетаралық стандартқа сәйкес белгіленген. Олардың бір-бірінен арақашықтығы 200 метрден кем болмауы қажет. Жаяу жүргіншілер өткелін жол бұрылыстарында, дүкендердің, мекемелердің, мектептердің және өзге де ғимараттардың қақпасына жақын орнатуға болмайды. Кем дегенде 40 метр қашықтық қажет.
Былтыр өңірімізде жаяу жүргіншілердің кінәсінен 31 жол-көлік оқиғасы орын алды. Соның салдарынан 3 адам қайтыс болып, 34-і жарақат алды. Зардап шеккендердің арасында көлік жүргізушілері де, жолаушылар да бар. 7 жаяу жүргінші мас болғаны анықталды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp