«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІЛЕР ЗАРДАП ШЕКТІ

Соңғы бір тәуліктің ішінде Петропавл қаласында екі жол-көлік оқиғасы тіркелді. Соның салдарынан жаяу жүргіншілер зардап шекті. Бейсенбі күні кешқұрым “ВАЗ” автокөлігінің жүргізушісі Пушкин және Қазақстан Коснтитуциясы көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған өтпенің жанында 15 жасар жасөспірімді соғып кетті. Зардап шегуші дереу ауруханаға жеткізіліп, оған алғашқы медициналық көмек көрсетілген соң, үйіне жіберілді.

Бүгін таңалагеуімде 48 жастағы әйел «Киа Соренто» көлігінің доңғалағының астына түсті. Ол да Назарбаев және Сүтішев көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілерге арналған өтпе арқылы жолды кесіп өтіп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан келіншек дене жарақатын алды.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp