«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАЯУ ЖҮРГІНШІНІҢ ЖАУАПСЫЗДЫҒЫ

Жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген жерден кесіп өтіп, бейқамдық танытуы жолдарда апатты жағдай туғызып қана қоймай, адам өміріне қауіп төндіреді. Мұндай заң бұзушылықтар көбінесе ірі сауда орындары маңында орын алады. Петропавлда орталық көтерме сауда және «Алтын арман» базарлары мен «Тайга» сауда үйінің маңы қауіпті.

Патрульдік полиция батальоны командирінің орынбасары, полиция подполковнигі Болат Жұмағазиннің айтуынша, осы тұстағы жолдарда қозғалыс көп, сондай-ақ, жол жиегіне де көлік қойылады. Сондықтан айналаға шолу жасау шектеулі.
«Жаяу жүргіншілер уақыт үнемдейміз деп, жолды кез-келген жерден кесіп өтпес бұрын, өз өміріне ғана емес, басқа адамдардың да өміріне қауіп төндіретінін есте сақтағаны жөн. Кейде жаяу жүргіншілер жол қиылыстарында бағдаршамның жасыл түсі жанғанын күтпей өте береді, ал бұл кезде көлік жүргізушілерітоқтап үлгермеуі мүмкін. Құлаққап тағып жүретіндер автокөлік сигналын естімей қалады», – дейді ол.
Жыл басынан бері облыс жолдарында жаяу жүргіншілерге қатысты 1134 хаттама толтырылды. Полицейлердің айтуынша, басты мақсат – жазалау емес, жол қозғалысына қатысушылардың өліміне және жарақат алуына әкеліп соқтыратын жол-көлік оқиғаларының алдын алу.
Биылғы жылдың алғашқы екі айында облыс жолдарында жол-көлік оқиғалары салдарынан 8 жаяу жүргінші зардап шекті. 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp