«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҒАЖАЙҒА БАРМАҒАН АБЗАЛ

Коронавирус инфекциясының таралуына байланысты қазір жағажайлар жабық, өзен-көлдерге шомылуға тыйым салынған. Соған қарамастан жауапкершілігі төмен кейбір жерлестеріміз бұл талапқа бағынбай отыр. Бұған “Jas Otan” жастар қанаты мен өңірлік партиялық бақылау комиссиясының мүшелері Петропавл қаласының жағажайларына жасаған рейд бары­сында көз жеткізді.

“Jas Otan” жастар қанатының тө­рағасы Біржан Құдайбер­генов­тің айтуынша, олар еріктілермен, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент өкіл­де­рімен және тәртіп сақшыларымен бір­лесіп, Петропавл қаласының жа­ғажайларын үнемі аралайды. Мұндай іс-шара барысында олар қа­ла­лықтарға карантин ереже­ле­рін тү­сіндіреді. Әсіресе, соңғы ап­тада күн ыстық болғандықтан, күн са­йын қала тұрғындарымен кез­де­сіп, оларға талапты түсіндіру­мен әлек. “Қазір барлық жағажай­лар жа­бық, бірақ соған қарамас­тан онда адам қарасы қалың. Біз олар­ға жағажайлар мен қоғамдық орындарға барудан бас тарту ке­ректігін айтудай-ақ айтып жа­тыр­­мыз”, – дейді Біржан Құдай­бер­генов.

Коронавирус инфекциясына байланысты шектеу шаралары ен­гізілген сәттен бастап өңіріміз­де жағажайларға барғаны үшін 201 солтүстікқазақстандық әкім­ші­лік жазаға тартылды. Тағы 258 адам жағажайда ішімдік ішкені үшін жазалы болды.

– Карантин кезінде облыс жа­ға­­жай­ларында 900 рейд өткіздік. Бұл жұмысқа еріктілерді жұмыл­дырдық. Негізінен түсіндіру жұ­мы­сымен шектелдік. Келушілер­дің көпшілігі түсіністік танытып, үйлеріне қайтады. Кейде полиция өкілдері азаматтарға айыппұл салуға мәжбүр болады, – дейді об­лыстық төтенше жағдайлар жө­ніндегі департамент бастығының орынбасары Игорь Жуков.

Төтенше жағдайлар жөніндегі департа­мен­ті мамандарының ай­туынша, тұрғындар тәртіп сақшы­ларынан тығылып, рұқсат етілме­ген өзен-көл­дерге түсуде. Соның сал­дары­нан суға шомылу мау­сымы бас­талғалы 8 солтүстік­қа­зақстандық қаза тапты. Олардың  алтауы – су­ға шомылу кезінде, бір кісі суға ба­тып бара жатқан адам­ды құт­қа­рамын деп және тағы бір адам ба­лық аулау барысында су құр­ба­нына айналды.

Ілияс СӘБДЕНОВ,

“Nur Otan” партиясы облыстық филиалының баспасөз хатшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp