Пестрое көлінің жағасында 50-ге жуық белсендінің қатысуымен тазалық акциясы өтті. Тазалық шарасы ойын түрінде ұйымдастырылды. 40 минуттың ішінде қай топтың мүшелері көп қоқыс жинаса, сол жеңіске жетті.
«Тек осындай тазалық акцияларына ғана емес, ағаш егу және қайырымдылық науқандарына да қатысып жүремін. Бұл – қоғам үшін аса маңызды жұмыс. Мен волонтерлікке араласқан кезде ғана қалада осындай ұйым бар екенін білдім», – дейді ерікті Аружан Айтпай.
Шырайлым НҰРҚАНОВА,
М.Қозыбаев атындағы СҚУ-дың студенті.