«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҒА ҰСТАТАР ЖАҒДАЙ

Петропавл қаласында жаға ұстатар жағдай орын алғаны жайлы әлеуметтік желі қолданушылары жарыса жазды. Айтуларынша, педофил 10 жасар ер баланы зорлап кеткен. Бұл ақпарат ұстаздардың құлағына жетіп, олар ата-аналарға балаларын мектепке жалғыз жібермеуді ескертіп үлгерген. Артынша бұл оқиғаға байланысты облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі де ресми мәлімет таратты.

– Петропавл қаласында кәмелеттік жасқа толмаған баланы зорлады деген күдікпен 44 жастағы азамат ұсталды. Ол уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, – деді департаменттің баспасөз қызметінің жетекшісі Мәдина Балғашоқова.

Полиция тергеу амалдары әлі жүріп жатқандықтан басқа мәлімет беруден бас тартып отыр. Сот-медициналық сараптама нәтижесі де әлі шыға қоймаған көрінеді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp