Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті мен облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың шұғыл іс-қимылының нәтижесінде Донецкое ауылында судың деңгейі төмендеген.
Қазіргі таңда ауыл тұрғындары өз үйлеріне орала бастады. Сонымен қатар, келтірілген шығын көлемі есептелуде. Оларға көршілері мен жергілікті атқарушы органдардың, ТЖ қызметкерлері көмек көрсетуде. Ауылдың айналасында су сору жұмыстары жүргізілуде. Тайынша ауданының әкімі Ержан Иманслямның айтуынша, су тасқынының салдарын жою үшін тұрғындарға барлық көмек көрсетілуде. Сондай-ақ, сақтық шаралары қолға алынуда.
– Ауыл ішіндегі су қайта бастады. Тұрғындар үйлеріне оралуда. Оларды көлікпен қамтамасыз етудеміз, – деді Ержан Иманслям.
– Мұнда кінәліні іздеудің қажеті жоқ. Барлық қызмет жедел жұмыс істеді. Жауапты азаматтар бізді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, әр үйге кіріп, қандай көмек қажеттігін сұрады. Алаңдауға себеп болған жоқ, – деді Донецкое ауылының тұрғыны Иван Кубенко.
Олег Хомичтің үйі де ауылдың шетінде орналасқан. Бүгінде ол өз үйіне оралып, су тасқынының салдарын жоюмен айналысуда.
– Су тасқыны кезінде үйде өзім жалғыз болдым. Барлығы аяқ астынан болды. Бір сағаттың ішінде малды айдап шығардым, кейбір шошқаларды сыртқа шығаруға үлгере алмадым. Екінші рет құжаттарға келдім. Қауіпті болса да үйге кіріп, қажетті заттарды алып шықтық. Материалдық көмек көрсетілетіні айтылып, тізім жасалды. Барлығы өз қалпына келетініне сенімім зор, – деді ол.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.