Желтоқсанның 31-і мен қаңтардың 2-сі аралығында облыс бойынша қылмыстар мен құқық бұзушылықтар туралы 61 хабарлама түскен.
Бұдан бөлек, Петропавл қаласында бейнебақылау камералары арқылы 38 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Олар негізінен қоғамдық тәртіп және жол қозғалысы ережелерін бұзу фактілері.Жалпы алғанда, жаңажылдық мереке күндері облыстағы криминогендік жағдай тұрақты болып, ауыр қылмыстар тіркелмеген. Полицияға түскен шақыртулардың басым бөлігіне отбасылық жанжалдар себеп болған.