
“Soltústik Qazaqstan” газеті ғасыр биігіне көтеріліп отыр. Біле білген жанға бұл аз уақыт емес. Газет жаңалықтың жаршысы, жақсылықтың хабаршысы болып, қоғамдағы ахуалды халыққа жеткізеді. Оның өміршең болуы өңір журналистикасының тізгінін ұстап, көшін бастаған білікті, білімді тұлғалармен қатар қаламы қарымды, ойы ұшқыр тілшілерге де байланысты.
Өңір газетінің дамуына өз өмірін арнап, үлесін қосып келе жатқан жанашыр ағамыздың бірі – Жарасбай Сүлейменов облыстық полиция департаменті бастығы лауазымына тағайындалған кезімде алғашқылардың бірі болып келіп, ақ батасын беріп, ағалық ақылын айтып, қызметіме сәттілік тілеп, кітабын сыйға тартқан еді. Полиция департаментінің тыныс-тіршілігі жайлы түрлі тақырыптағы материалдар газет бетінде жарияланып, қалың бұқараға жетуде. Ұжым мүшелеріне қаламдарыңыз мұқалмай, қалың оқырманды жақсы жаңалықтармен қуанта беріңіздер дегім келеді.
Марат ТӨЛЕБАЕВ,
облыстық полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі.