«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҚСЫЛЫҚ ЖАСА!

Қазақстан халқы облыстық ассамблеясы жанындағы аналар кеңесі, “Қоғамдық келісім” коммуналдық мемлекеттік мекемесі және “Улыбка” балалар қайырымдылық қоры Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шара ұйымдастырды. “Қайырымдылық керуені” жалпы ұлттық акциясы аясында жүзеге асқан жоспарлы іс “ Жақсылық жаса! Твори добро!” деген атпен өтті.

Аталмыш акция жүректерге жылылық ұялатып, ана мен балаға қамқорлық көрсетуге бағытталды. Қайырымдылық шарасы барысында концерт өткізіліп, аукцион, ұтыс ойындары жүргізілді. Келген қонақтар қолөнер шеберлерінің шығармашылықтарын тамашалап, балалардың суреттерін көріп, ертегі әлеміне саяхат жасауға мүмкіндік алды.

Ұйымдастырушылардың айтуы бойынша, қайырымдылық шарасынан түскен қаражаттың барлығы балалары сырқатқа шалдыққан Шарапов және Темрик отбасыларына беріледі.

– Былтыр ана мен балаға көмек қолын созу үшін 50 акция өткізілді. Оның нәтижесінде 800 мың теңгеден аса қаражат жиналып, зәру адамдарға тиісті қолдау көрсетілді, – дейді “Улыбка” балалар қайырымдылық қорының төрайымы Галина Бондаренко.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp