«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

ҚАРАЛЫ ХАБАРДЫ ЕСТІРТУ ТӘРТІБІН ҰМЫТТЫҚ

«Тумақ бар жерде өлмек хақ», – дейді халық даналығы. Алла тағала жаратқан пендесінің көрер жарығының, татар дәмінің таусылып, бес күндік жалған дүниеден мәңгілік мекеніне озуы – еш талассыз ақиқат, табиғаттың бұлжымас заңы, оған қарсы шығуға тіршілік иесі дәрменсіз. Ешкім де пешенеге жазған тағдырынан қашып құтыла алмасы анық. Қайғыдан қан жұтқан шаңырақтың қазасын хакім Абай былай …

ҚАРАЛЫ ХАБАРДЫ ЕСТІРТУ ТӘРТІБІН ҰМЫТТЫҚ Read More »

ҰЛТТЫҚ АНИМАЦИЯНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ

«Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» деген мультфильмді көрмеген адам кемде-кем. Бұл – «Қазақфильм» киностудиясы шығарған еліміздегі тұңғыш анимациялық фильм. Ал осы туындының жарыққа шығуына режиссері Әмен Қайдаровпен бірге атсалысқандардың қатарында теріскейдің тумасы Ерсайын Әбдірахманов болғанын білесіз бе? Ол режиссерліктен бөлек, Т.Жүргенов атындағы Ұлттық өнер академия­сы «Кино және телевизия» факультетінің негізін қалап, деканы болған. Осы жазда Алматыға …

ҰЛТТЫҚ АНИМАЦИЯНЫҢ ЖАРЫҚ ЖҰЛДЫЗЫ Read More »

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТРИУМФ

Түркістан қаласында Қазақстанның халық әртісі, опера әншісі, режиссер, көрнекті театр және кино актері Құрманбек Жандар­бековтің 120 жылдығына арналған «Қазақтың Құрманбегі» атты І республикалық театрлар фестивалі өтті. Мәдени шараға еліміздің 13 театры қатысып, өз өнерлерін ортаға салды. Тал­ғампаз көрерменге «Мөлдір махаббат» драмалық қойылымын ұсынған Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театры бас жүлдені жеңіп алды. – …

ТҮРКІСТАНДАҒЫ ТРИУМФ Read More »

ҚҰС СҮТІНЕН БАСҚАНЫҢ БӘРІ БАР

Астана қаласында еліміздің барлық өңірлерінің ауыл шаруашылығы тауарларының жәрмеңкесін өткізу, сол арқылы отандық өнімдердің сапасын және бәсеке­ге қабілеттілігін арттыру үрдісі бірнеше жылдан бері жалғасып келеді. Арнайы жасалған кестеге сәйкес өңірлер биыл да астаналықтарды өздерінің нарық ба­ғасына қарағанда арзан әрі сапалы өнімдерімен қуан­туда. Биылғы жәрмеңкелер тамыз айының соңында басталып, Республика күні өз мәресіне жетпек. 18-19 қазан …

ҚҰС СҮТІНЕН БАСҚАНЫҢ БӘРІ БАР Read More »

«ҚЫЗЫЛЖАР КҮРЕС МЕКТЕБІНІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК»

– Айдос Сұлтанғалиұлы, жеңіс құтты болсын! Бұл сәтті Қазақстан көп күтті. Алтын алған кезде қандай сезімде болдың? – Күреске 2006 жылы келдім. Содан бері маңдай терімді төгіп, қаншама күш сарпып, еңбек еттім. Үлкен спортқа қадам бас­қандықтан әлемді, Олимпиада­ны бағындыру – түпкі мақса­тым, ниетім еді. Грек-рим кү­ресінен 1999 жылдан бері Қа­зақстаннан әлем чемпионы шықпапты. Маған дейін …

«ҚЫЗЫЛЖАР КҮРЕС МЕКТЕБІНІҢ МӘРТЕБЕСІ БИІК» Read More »

ҚАЗАҚ ҚҰДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҚАЗҒАН?

Көне заманнан бері елді сумен қамтамасыз ету – ең керекті, ертеңге қалдыруды құптамайтын, күнделікті өмір желісін үзуге бол­майтын, малы үшін, жаны үшін өте қат құндылықтардың бірі. Өзен, көл жағалаған елдерде ауызсу мәселесі жеңіл шешілгенмен, түз далада, алыс жайлауларда бұл жайт күрт өзгеріп, қиыннан қамтамасыз етілетін тұрмыстық дағдарыстарға алып келеді. Сондықтан құдық қазып, халықтың шөлін басу …

ҚАЗАҚ ҚҰДЫҚТЫ ҚАЛАЙ ҚАЗҒАН? Read More »

«ҚУАНЫШТАН ГӨРІ ӨКІНІШІМ БАСЫМЫРАҚ»

– Жақсыбай Баянұлы, есіміңізді республика жазушы-журналист ретінде жақсы таниды. Өміріңізді қаз қалпында қағаз бетіне түсірдіңіз десем, қателес­песпін. Сөзіміздің айғағы – «Өмір жолы – тар соқпақ» кітабыңыз. Алла жазса, жақында 65 жастың биігіне көтерілесіз. Осы жастың төрінен өткенге көз жүгірткенде қандай сезімде боласыз? – Өмірдің өзі өкініш пен қуа­ныштан тұрады ғой. Менің қуа­ныштан гөрі өкінішім басымы­рақ …

«ҚУАНЫШТАН ГӨРІ ӨКІНІШІМ БАСЫМЫРАҚ» Read More »

«БАЗАРЫ ТАРҚАҒАН» БАЗАРЛАР немесе интернеттегі сауда кімнің қалтасын қампайтуда?

Адамның қажеттіліктері өзгерген сайын соған сай жаңа мүмкіндіктер де күнделікті өмірді түрлендіруде. Соның бірі – онлайн сауда. Күйбең тіршілікте «барлығына үлгеремін» деп асыққан адам үшін ең қолайлы сауда түрі. Қарапайым жол ақысын төлеуден бастап, киім-кешек, азық-түлікке дейін қолымыздағы смартфон арқылы тапсырыс береміз. Сауда орталығына барудың, кезекте тұрудың қажеті жоқ. «Алайда ыңғайлылықты таңдай отырып, қандай тәуекелдерге …

«БАЗАРЫ ТАРҚАҒАН» БАЗАРЛАР немесе интернеттегі сауда кімнің қалтасын қампайтуда? Read More »

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР

Өңірге жұмыс сапарымен Президенттің кеңесшісі Мәлік Отарбаев келіп, облыс активімен кездесті. Алқа­лы басқосуда «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдаудың негізгі бағыт­тары талқыланды. Ондағы басты мақсат – берілген тап­сырмаларды бұлжытпай орындау. Жиынды ашқан облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов өңірдің экономикалық ахуалымен таныстырды. 200 мыңнан астам адам тұратын 600-ге …

ӨҢІРДІ ДАМЫТУДАҒЫ АУҚЫМДЫ МІНДЕТТЕР Read More »

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ

С. Мұқанов атындағы облыстық қазақ саз­ды-драма театрында Мұхтар Әуезовтің «Қор­ғансыздың күні» шы­ғармасы сахналанды. Қойылымында баласы­нан айырылған ананың, күйеуінен айырылған әйелдің, әкесінен айы­рылған қаршадай қыз­дың тағдыры бейнелен­ген. Туындыда тағдыр тауқыметін тартқан бір отбасының өмірі ар­қылы сол кезеңдегі күллі қазақ­тың басына түскен ауыртпашы­лық сипатталған. Қойылымның басты кейіпкері – 13 жасында ас­қар тауынан айырылған Ғазиза. Шынашақтай жеткіншек адам …

ҚОРҒАНСЫЗДЫҢ КҮНІ Read More »

ЗІЛДЕН ҚАЛҒАН ІЗ

Әр жылдары аққайыңдар өлкесінде зіл сүйектері табылғандықтан, ертеде өмір сүрген осы бір тіршілік иесі жайлы ақпарат ғалымдарға ғана емес, қарапайым тұрғындарға да қызық. Себебі «Зіл деген қандай жануар?» деген сауал әрқайсымызды мазалайтыны анық. Зіл (мамонт) – Еуразия мен Солтүстік Америкада плейсто­ценнің екінші жартысында өмір сүрген пілдің бір түрі. Оның бойы 5,5 метрді, салмағы 12 тоннаны …

ЗІЛДЕН ҚАЛҒАН ІЗ Read More »

ТЕРІСКЕЙДЕ ЕГІН БІТІК

Өңірге жұмыс сапарымен келген Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров диқандармен кездесті. Облыстық әкімдікте өткен жиында өңірдегі ауыл шаруашылығы саласының әлеуеті әңгіме өзегіне айналып, маңызды мәселелер сөз болды. Әсіресе мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары талқыланды.  Жиынға төрағалық еткен өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер …

ТЕРІСКЕЙДЕ ЕГІН БІТІК Read More »

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – АУЫЛДА

«Ауылдың түтіні өшпесін» деген игі тілектің астарында қаншама үміт пен арман жатыр. Туған жердің топырағында аунап, таңғы шыққа малынып өскен әрқайсымыз үшін ауыл – қасиетті мекен ғана емес, жүректегі ең жылы естелік пен сағыныштың ордасы. Ал бүгінде сол ауылдардың жұрты қалып, бір кездері өмір қайнап жатқан көшелерді арам шөп басты. Қаңғырған желдің гуілі ғана естіледі …

ҚАЗАҚТЫҢ ЖАНЫ – АУЫЛДА Read More »

ЖАҚСЫ КӨРШІ – ТЫНЫСЫҢ

Алғашқы танысу қадамы «Alegeum Elektrik» кәсіпорнынан басталды. Петропавл электротехни­калық зауыты шығаратын транс­форматорлық жабдықтар негізінен ТМД елдеріне экспортталады. Ке­лесі нысан – 1928 жылы құрылған С.Киров атындағы зауыт. Мұнда темір жол және мұнай-газ саласына арналған құрал-жабдықтар құрас­тырылады. Бұдан бөлек, Орта Азия­да баламасы жоқ 16 қабатты баспа платалары өндіріледі. Қонақтарға баспа платаларын жинайтын цехтың жұмысы туралы баяндалды. Бүкіл …

ЖАҚСЫ КӨРШІ – ТЫНЫСЫҢ Read More »

«ҚАЗІРГІ КӨРЕРМЕН – ТАЛҒАМПАЗ ӘРІ ТАЛАПШЫЛ»

– Дәмеш Сапарқызы, сахнада жүргеніңізге 30 жылдан астам уа­қыт өткен екен. Қазіргі көрер­меннің бұрынғы көрерменнен ерекшелігі бар ма? – Қазіргі көрермен – тал­ғампаз, ізденімпаз және жан-жақты. Бұрын көрермен көбіне теледидар мен радио арқылы ақ­парат алып, өнер туындыларын солар арқылы бағаласа, бүгінде интернет пен әлеуметтік желілердің арқасында әлемнің түкпір-түкпіріндегі өнер ие­лерін, түрлі жанрлар мен стиль­дерді көріп, …

«ҚАЗІРГІ КӨРЕРМЕН – ТАЛҒАМПАЗ ӘРІ ТАЛАПШЫЛ» Read More »

ГАЗЕТ ОҚЫП, ОЛЖАЛЫ БОЛ!

2026 жылдың бірінші жартыжылдығына мерзімді басы­лымдарға жазылу науқанының басталуына орай «Қаз­пошта» АҚ облыстық филиалында «Жазылушы күні» өтті. Өңірде жарық көретін газет-журналдардың өкіл­дері мен тұрақты оқырманның басын қосатын іс-шара жыл сайын ұйымдастырылады. «Өзі – бір күндік, сөзі – мың күндік» газет – түсіне білген адамға рухани азық. Демек оқырман тек жаңалық оқумен ғана шектелмейді, ел тынысын …

ГАЗЕТ ОҚЫП, ОЛЖАЛЫ БОЛ! Read More »

ҚАЗБАҒА БАЙМЫЗ, АЛ ИГЕРІЛУІ ҚАЛАЙ?

Қалайы жер қойнауында өте сирек кезде­сетіндіктен, өте қымбат металл санатына жатады. Лондон қор биржасында оның 1 тоннасы 21-23 мың АҚШ долларына дейін бағаланады. Алдағы уақытта баға арта түсуі әбден ықтимал. Өйткені әлемдік на­рықтағы жылдық сұраныс 357-400 мың тоннаны құрап, рекордтық көрсеткішке жетіп отыр. Соңғы жылдары бірқатар салада бұл металға деген қа­жеттіліктің өсуінен жетіспеушілік байқалды. Мамандар …

ҚАЗБАҒА БАЙМЫЗ, АЛ ИГЕРІЛУІ ҚАЛАЙ? Read More »

«ҚҰРҒАҚ УӘДЕ ТҮБІ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ»

Гюлага Илдырымов – облыстық мәслихаттың депутаты, депутаттық өкілеттіктер, азаматтардың құқықтары мен заңдылығы, қоғамдық ұйымдармен және бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, «Наурыз-2030» ЖШС директоры, «AMANAT» партиясының мүшесі. Не үшін депутат болдым? Мен облыстық мәслихаттың алты шақырылымында депутат болдым. Алғаш рет 1999 жылы екінші шақырылымда депутат болып сайландым. Қазіргі мәс­лихаттағы тәжірибелі депутат­тардың бірімін. …

«ҚҰРҒАҚ УӘДЕ ТҮБІ ЖАҚСЫЛЫҚҚА АПАРМАЙДЫ» Read More »

ҚОҚЫС ТӨГЕТІН ЖЕР ЖОҚ

Қызылжар ауданы Бәйтерек ауылы маңындағы рұқсатсыз жұмыс істеген қоқыс полигоны жабылғанымен, оның орнына жаңасы әлі ашылған жоқ. Аудандық әкімдік мамандары қатты тұр­мыстық қалдықтар полигонына Трудовая Нива және Чапаево елді мекені маңынан жер учас­кесін бөлген. Ауыл тұрғындарының айтуынша, 6 гектар жер беріліпті. Алайда аталмыш учаске мен елді мекен арасын 1 шақырым ғана бөліп жатыр. Ауылдықтар полигонның …

ҚОҚЫС ТӨГЕТІН ЖЕР ЖОҚ Read More »

НҰРҒА БӨЛЕП БІЛІММЕНЕН ЖЕР БЕТІН

Мұғалімдер күніне орай С.Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрында ерекше мереке ұйымдастырылды. Білім беру саласының дамуына үлес қосып жүрген ұс­таздарды ұлықтауға арналған бұл жиын – шын мәнінде рухани мазмұны терең, жүрекке жылы тиетін маңызды іс-шара болды. Мерекелік жиынның шымылдығы театрдың әсем безендірілген сахнасында жүргізушілердің әсерлі сөзімен ашылды. Алғашқы сөз кезегі облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовке берілді. …

НҰРҒА БӨЛЕП БІЛІММЕНЕН ЖЕР БЕТІН Read More »