«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда пауэрлифтингтен Азия біріншілігі өз мәресіне жетті. Дүбірлі додада 300-ден астам спортшы бақ сынады.

Ел қоржынында — қос алтын

 

Үш күнге созылған бәсекеде ерлер 44, ал әйелдер 14 салмақ дәрежесінде сынға түсті. Үшсайыстың қорытындысында 887,5 килограмды көтерген алматылық Антон Соловей (140 кг.) ерлер арасында топ жарды. Ал нәзік жандар сынында алматылық Дарья Нестероваға (82,5 кг.) тең келер ешкім табылмады. Оның көрсеткіші – 452,5 килограмм.

Алматылықтар топ жарды

Алматы облысындағы Талғар қаласында ат спортынан Қазақстан спартакиадасы аяқталды.
Осымен бесінші рет ұйымдастырылған жарыстың нәтижесінде жекелей сында Алматы облысының өкілі Олег Попеляев топ жарды. Күміс жүлде шығысқазақстандық Олег Соколенкоға бұйырса, алматылық Ержан Қорабай турнирдің қола жүлдесін еншіледі.
Алматы қаласының өкілдері жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды. Ал Түркістан және Алматы облыстарының спортшылары екінші және үшінші орындарға жайғасты.

Османжан — күміс жүлдегер

Жапонияның Токио қаласында грэпплингтен Азия және Океания біріншілігі өз мәресіне жетті.
Шешуші кездесуде қарсыласынан жеңілген отандасымыз Османжан Қасымов күміс жүлдеге ие болды.
Турнирдің жеңімпаздары 28 қыркүйек күні АҚШ-тың Калифорния шататында өтетін әлем біріншілігіне жолдама алды.

Жас теннисшілер жарысы

Өзбекстанның астанасы – Ташкент қаласында 14 жасқа дейінгі спортшылар арасында теннистен Азия біріншілігі өтті.
Қыздар арасындағы жекелей сында Сандуғаш Кенжебаева чемпион атанды. Турнирдің ақтық кезеңінде Үндістан спортшысын 6:4, 6:3 есебімен ұтты. Ұлдар арасындағы бәсекеде тағы бір спортшымыз Макс Батютенко тайландтық қарсыласын 6:4, 6:1 есебімен жеңді.

 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp