«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңалықтар

Еріктілердің қызметі ерен

Облыс орталығында “Ерік­ті­лік – елді сүю” тақы­рыбында “дөңгелек үстел” отырысы өтті. Шарада жас­тар арасындағы еріктілер қозғалысын дамыту, ұйым­дар­ға қолдау көрсету, мем­лекеттік демеу шаралары туралы айтылды. Жиынға қатысқан Қазақстан ха­лық партиясының өңірдегі филиа­лы төрағасының орынбасары Бо­лат Қожахметовтің сөзінше, өңір­де еріктілер қозғалысы кең етек алу үшін жастар ұйымдарының басын бір арнаға тоғыстыру керек. – Біз тек саяси, …

Еріктілердің қызметі ерен Read More »

“Жас тұлпардың” жолы жалғасса…

Қазақ “Ақыл – жастан, асыл – тастан” деп тегін айтпаған ғой. Не­бір қилы замандарда жастары­мыз еліне қорған болып, қайсар­лықтың үлгісін көрсете білді. Ұлт тарихындағы елеулі оқиғалар­дың бәріне жастарымыз белсене қатысты. Заманның тамыр соғы­сын тап басатын, келер күнді қо­рықпай қарсы алатын да – осы буын. Содан да болар, өткен ға­сырдың басында даламызда құ­рылған алғашқы ұйымдар да …

“Жас тұлпардың” жолы жалғасса… Read More »

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін

Әр кү­німіз өмірімізге өзгеріс әкеліп, жаңалық атаулы көз ілеспес жылдамдықпен жұртқа тарау­да. Дүниежүзінің бір бұры­шын­да көбелектің қанат қаққа­нын­дай тербеліс туса, соның тол­қыны санаулы секундтар­дың ішін­де алты құрлыққа жетіп үл­гереді. Ертең болар дүниенің дү­бірі бүгін басталып, елдің дүрлі­гіп жатқаны. Сірә, бұрындары адамзат үшін ақпарат алу, кітап оқу де­ген сияқты игіліктер тек ақ­сүйектердің еншісіндегі іс болса керек. …

Ақпараттар ағыны адастырып жүрмесін Read More »

БАТЫР БАЯННЫҢ ЕСІМІ ЛАЙЫҚ

Бүгінгі өмір талабының бірі – киелі жеріміздің тарихи атауларын біріздендіру десек, бұл бағыттағы жұмыстар тарих, әлеуметтану, геодезия, география мамандарымен бірлесе отырып, ономастикалық заңдылықтарға сай жоспарлы әрі сауатты түрде жүргізуді міндеттейді. Меніңше, әр мемлекеттің топонимиялық жүйесі ұлттық айшықты белгілерді білдіріп тұруы шарт. Өкінішке қарай, теріскей аймақтарда қазақша атаулардан гөрі кірме топонимдер үлесі әлі басым. Мәселен, Булаев …

БАТЫР БАЯННЫҢ ЕСІМІ ЛАЙЫҚ Read More »

Шырайынан айырылған шағын бақ

Наурыз келе салысымен күн жылынып, қалың қардың көбесі сөгіліп, қара жердің беті көріне бастады. Қызылжарда алты ай бойы билігін жүргізетін қыстың да өз сиқыры бар. Қыста қала кейпі біршама өзгеріп сала беретіні белгілі. Жамбыл және Абай көшелерінің қиылысындағы шағын бақтың қысқы көрінісі жаз айларымен салыстырғанда өзгеше. Бұл жерде өткенді еске салатын обелиск қойылған. Оған “Ауғанстан …

Шырайынан айырылған шағын бақ Read More »

“Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…”

Ел ара­сында “Журналистика – аттың жалында, түйенің қо­мын­да жү­ріп, қызмет ететін кә­сіп” деген сөз жиі айтылады. Бел­гілі жазу­шы Шерхан Мұртаза: “Жорнал­шылар да түйе сияқты: арқа­лағаны – алтын, жегені – жан­тақ”, – деп әманда қызығы­нан қиындығы көп, жақсылыққа жаны құштар қоғам жаршыла­ры­ның табиғатын дәл сипаттай білген. Күнделікті өмір құ­бы­лыс­тарын ой елегінен өткізіп, зерт­теп-зерделеудің, сүбелі та­қы­рыптар мен …

“Өлмейтұғын артына сөз қалдырған…” Read More »

Алимент – міндетті төлем

Ел Конституциясы бойынша ана мен әке және бала мемлекеттің қорғауында болады. Ал дүниеге әкелген сәбиге толыққанды тәлім-тәрбие беру (тамақтандыру, киіндіру, оқыту т.б.) – ата-ананың басты парызы. Өкінішке қарай, осы бір жауапкершілікті жете сезінбейтіндер арамызда аз емес. Олар алимент төлеуден жалтару арқылы заңға да жүрдім-бардым қарайтынын көрсетеді. Балаларын күтіп-бағуға арналған қаражатты төлеу жөніндегі міндеттерді орындамау, еңбекке …

Алимент – міндетті төлем Read More »

ЕЛІ АРДАҚТАҒАН АҚСАҚАЛ

Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, еңбек ардагері Жақсылық Ғабдоллаұлы Ысқақов 92 жасқа толды. Облыс әкімінің орынбасары Қанат Дүзелбаев ақсақалдың үйінде болып, өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтің атынан құттықтау хатын табыс етті. Қарияны туған күнімен құттықтай отыра, ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық пен отбасылық береке тіледі. Жақсылық Ғабдоллаұлының еңбек жолы еліміз бен өңіріміздің тарихымен үндесіп жатыр. Қазақстанның дамуы …

ЕЛІ АРДАҚТАҒАН АҚСАҚАЛ Read More »

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ

Облыс әкімі жұмыс сапарымен Жамбыл ауданына барды. Мұнда өңір басшысы бірқатар нысандарды аралады. Мәселен, аудан тұрғыны Владимир Лагода көптен бері бері жиһаз өндірісімен айналысады. Бүгінгі таңда оның кәсіпорнында алты адам жұмыс істейді. Мұндағы орташа жалақы – 150 мың теңге. Кәсіпорынның негізгі тұтынушылары – жергілікті тұрғындар мен Қостанай облысының шекаралас аудандары. Бұл күні аудан орталығында “Жас …

СПОРТ КЕШЕНІ АШЫЛДЫ Read More »

КИІЗ БАСЫП, ЖҮН ТҮТТІ

Өңірде “Бір ауыл – бір өнім” жобасы аясында киіз басу бойынша екі күндік шеберлік са­бағы өтті. Облыстық кәсіпкер­лер палатасының іскер әйелдер кеңесі ұйымдастырған шара­ның мақсаты – қолөнершілерді қолдау және ұлттық қолөнерді дамыту. Соңғы жылдары қолөнердің бұл көне түріне қызығушылық басым. Өткен жыл­дың соңында “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының іскер әйелдер ке­ңесінің төрағалары Қырғыз­станға арнайы барған. Ондағы …

КИІЗ БАСЫП, ЖҮН ТҮТТІ Read More »

Батаменен ел көгерер

Халқымыздың ежелден келе жатқан ұлттық дәстүр­лерінің бірі – бата беру. Сөздің құ­діретін білген халқымыз бата арқылы ақ ниетін, ізгі тілегін жеткіз­ген. “Батаменен ел көгерер” де­ген нақыл сөз содан қалған. Бү­гінгі қо­ғамға батаның мәнін ұғындыру мақсатында Тайын­ша ауданының ор­та­лығында “Ақ бата” сайысы ұйым­дас­тырылды. Рамазан айында “Ислам және дәстүр құндылы­ғы” аясында өткен байқауға діни ілімнен хабары бар, …

Батаменен ел көгерер Read More »

Қолаға таласады

Павлодар қаласында волей­болдан ерлер командалары ара­сында ел біріншілігінің плей-офф ойындары өтуде. Жар­ты­лай финалда сүрінген жергілік­ті “Есіл” клубы үшін­ші орын үшін таласады. Жартылай финалда жер­лес­те­ріміз алаң қожайындары “Павлодар” командасымен екі мәрте ойнап, қос ойында да 3:1 есебімен же­ңілді. Енді солтүстікқазақстандық “Есіл” клубы “Атыраумен” қоланы сарапқа салады. Үшін­ші орын үшін алғашқы ойын наур­ыздың 29-ы күні өтеді деп …

Қолаға таласады Read More »

Бруцеллез жұқтырған ірі қара

Облыстың бес ауданында тоғыз ірі қарадан бруцеллез анықтал­ды. Ауру жұқтырған мал­дың дені – Қызылжар ауданында, ал Айыртау, Аққайың, Ақжар және Тимирязев аудандарында бір-бір фактіден анықталды. – Жұқпалы ауру Тимирязев ауданындағы Докучаево елді ме­кенінде орналасқан “Атаме­кен-Агро-Тимирязево” жауап­кершілігі шектеулі серіктестігі мен Айыр­тау ауданына қарасты Шал­қар ауылындағы “Юлия” шаруа қо­жалығында тіркелді. Бруцел­лезге шалдыққан мал тұрғын­дар­дың жеке қораларында да …

Бруцеллез жұқтырған ірі қара Read More »

ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ

Қазақ халқы – ежелден қариясын қазынаға балаған ел. Сондықтан істің алға басуы үшін үлкеннен бата алуды дәстүрге айналдырған. Көнеден келе жатқан дәстүр бүгінгі күні де маңыздылығын жойған жоқ. Қаланың бір топ ақсақалы мен зиялы қауым өкілдері өндіріс ошақтарын аралады.  Өңір басшылығының мұрындық болуымен өткізілген шараның мақсаты – ардагерлерді облыстың экономикалық әлеуетімен таныстырып, үлкендерден бата алу. …

ӨНДІРІС ОШАҚТАРЫН АРАЛАДЫ Read More »

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ

Жыл өткен сайын Наурыз мейрамы еліміздегі барша халықтың, ұлт пен ұлыстың сағына күтетін ортақ мерекесіне айналып, жаңа мазмұнмен, жарасымды сән-салтанатымен түрлене түсуде. Ұлық мерекені ұлықтау үшін жыл сайын өтетін думанды кеш елдің ортақ қуанышына айналғаны рас. Әйтсе де биылғы көктем мерекесі қазақтың мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрпы мен құндылықтарын айшықтайтын Наурызнама онкүндігі аясында ерекше атап өтілді. …

ҚЫЗЫЛЖАР ТӨСІН ДҮБІРГЕ БӨЛЕГЕН ӘЗ-НАУРЫЗ Read More »

Селт еткізер

Наурыз мейрамын үлкен-кіші, бәрі бірдей асыға күткен. Әсіресе жастар жағы мерекеде бас қосып, көңіл көтеруді әдетке айналдырған. Үлкендер көже дайындап, қонаққа барып, бір-бірін құттықтап жатқанда қыз-жігіттер де жылдың келгенін білдіріп түрлі ойындар ойнап, рәсімдер жасаған. Қазақ жастары үшін наурызды тойлау аса абыройлы әрі қуанышты іс. Жаңа танысып, көңіл жарастырып жүрген жұптар үшін Наурыз тойы бір-бірін …

Селт еткізер Read More »

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхананың ұжымы Ресей Федерациясын Липецк қаласындағы әріптестерімен телекөпір арқылы тәжірибе алмасты. Заманауи технологиялардың арқасында өткен екітараптық жүздесу барысында ресейліктер С.Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебеп кітапханаға онлайн-экскурсия жасап, “Краевед” клубының жетекшісі Юлия Пискунова өңір жайлы кеңінен әңгімелеп берді. Облыстық “Қоғамдық келісім” КММ басшысының міндетін атқарушы Болат Базарбаев “Достық шаңырағы астында” тақырыбы бойынша сөз …

ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ Read More »

ПОГОНДЫ ӨНЕРПАЗДАР

Облыстық полиция департаменті жанындағы мәдени орталықтың вокалдық тобы облыс аудандарын аралап жүр. Погон таққан өнерпаздар Аққайың ауданының Смирново ауылындағы әлеуметтік қызмет көрсету орталығының зейнеткерлерімен кездесіп, оларға ән мен жырдан шашу шашты. – Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-бірлеріне ізеттілік танытып, қайырымдылық жасаса нұр үстіне нұр. Наурыз мейрамына орай бірқатар ұжымға мерекелік көңіл күй сыйлауды жөн көрдік, …

ПОГОНДЫ ӨНЕРПАЗДАР Read More »

Рухани нәр

Сегіз сері атындағы қазақ халық аспаптары оркестрі ұйымдастырған концерт “Наурыз көктемі” деп аталды. Іс-шараға Батыс Қазақстан облыстық Ғарифолла Құрманғалиев атындағы филармония жанындағы Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің көркемдік жетекшісі және бас дирижері Еркін Нұрымбетов арнайы шақыртылыпты. Оркестірге жетекшілік еткен ол халық назарына Құрманғазының “Қуаныш”, Дәулеткерейдің “Бапас”, Әлшекейдің “Желдірме”, Жантөренің “Шалқыма”, Махамбеттің “Ақжелең” күйлерін және …

Рухани нәр Read More »

АТА-САЛТ АДАСТЫРМАЙДЫ

Қала белсенділері “Наурыз – жаңару мерекесі” деген атаумен интерактивті викторина ұйымдастырды. Қазақ халқының дәстүрлерін көрсетуден сынға түскен талапкерлердің осалы болмады. Жастар ең алдымен сәбиді қырқынан шығару дәстүрінің жөн-жоралғыларымен таныстырды. “Дәстүрлі ортада бала дүниеге келгеннен қырқынан шыққанға дейінгі алғашқы қырық күндік “өтпелі кезеңді” қауіпті, қатерлі санап, жаңа туған нәрестені шырақ жағып күзетіп, қасынан адам үзілмей бағады. …

АТА-САЛТ АДАСТЫРМАЙДЫ Read More »