«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢАЛЫҚТЫҢ ЖАРШЫСЫ

Үйімізге күнделікті келетін газет-журналдан бастап, хат-хабар, сәлемдемелерді, халыққа әлеуметтік төлемдерді уақтылы жеткізуде пошташылардың еңбегі ерен. Заман дамып, технология жаңарса да олардың қызметі маңызын жоймақ емес. Иығына үлкен сөмкені артып, үй-үйді аралап газет-журнал тарататын Құралай Бектұрованы Тимирязев ауданының Жарқын ауылының тұрғындары жақсы таниды. 15 жылдан бері пошташы болып қызмет етіп келе жатқан ол өз жұмысына дән риза.

– Әлі есімде, 2001 жылдың наурыз айынан бастап осы қызметке кірістім. Салмағы 20 килограмға дейін жететін сөмкені арқалап, ауылдың арғы бетінен бергі жағына дейін жүріп, газет-журнал таратамын. Талай мәрте қабаған иттерге кезігіп, газеттерімді шашып, аязды күні жинап отырған кездерім де болды. Ал қазір Құдайға шүкір, жағдай жақсарды. Кей кездері ауыл тұрғындары “Шай ішіп кет” деп жылы қабақ танытып жатады. Алайда, оған уақыт жоқ, аманатқа қиянат жасамай жеткізу – басты міндет. Хат тасушы үшін ең қиыны қаһарлы қыстағы сықырлаған аяз бен көктемгі жаңбырлы кез. Алайда, пошташылардың жұмысына ауа райы кедергі бола алмайды. Керісінше, мұндай уақытта көшеге көп шыға қоймайтын тұрғындар газет-журналдарды “Қашан келеді?” – деп күтіп отырады. Сондықтан, хат-хабарды дер кезінде жеткізсек, біз үшін мәртебе, – дейді Құралай Зейноллақызы.

Жанарүл МЕЙРАМ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Суретті түсірген Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp