«AMANAT» партиясының Айыртау аудандық филиалы және Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Сарыөзек ауылындағы Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналған ескерткіш қайта жаңартылды.
Сарыөзек ауылы 2013 жылы таратылғанымен, Ұлы Отан соғысына қатысқан жерлестерінің есімін тұрғындар ешқашан естен шығарған емес. Шағын ауылдан 60-қа жуық адам майданға аттанып, ерліктері тарих беттеріне алтын әріппен жазылған.
Акция барысында майдангерлерге орнатылған ескерткіш боялып, айналасы тазартылып, тұғыры жаңартылды. Осыдан кейін ұйымдастырушылар шараға жиналғандарға жауынгерлердің ерлігін қастерлеудің маңыздылығын түсіндірді.
«Ауыл картадан жойылса да, жүрегімізден өшкен жоқ. Отан үшін шайқасқан ата-бабаларымыздың есімін ұмытпау – біздің парызымыз. Батырлар халық жүрегінде мәңгі жасайды. Біз бұл ескерткішті балаларымызбен бірге жаңғыртқымыз келді. Мұны жай ғана шара деп емес, тағзым ету ісі деп қабылдаған дұрыс», – дейді «AMANAT» партиясы Айыртау аудандық филиалының атқарушы хатшысы Әсет Қожахметов.
Гүлфайруз ТӨРЕМҰРАТОВА,
«Soltüstık Qazaqstan».