
Түркістан қаласында БАҚ өкілдері арасында шағын футболдан «Жаңарған Түркістан» атты республикалық турнир басталды.
Жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстарының журналистерінен құралған 13 команда қатысуда.
Журналистер кеше «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Түркістан облысының киелі орындарын аралап, көне Отырар қалашығының шежірелі тарихымен танысты. Сондай-ақ ірі кәсіпорындарда болып, Олимпиада жеңімпазы Бекзат Саттархановқа арналған бокстан халықаралық турнирдің ақтық мәресін тамашалады.