«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа аялдамалар мен бағдаршамдар

Үстіміздегі жылы Петропавл қаласының 11 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, 50 көшенің шұңқырлары тегістелетін болады.

Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары бөлiмi сектор меңгерушісінің міндетін атқарушы Ғали Әбдірашевтің айтуынша, биылғы жылы облыс орталығының жолдарын жөндеуге бюджеттен 1,8 млрд. теңге бөлінген. Оның 345 млн. теңгесі 40 шақырымдық жолға қиыршықтас төсеу жұмысына жұмсалмақ. Қаржының басым бөлігіне жаз мезгілінде облыс орталығы көшелерінің 13 шақырымына жаңадан асфальт төсеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Қазіргі уақытта мердігер компаниялар Медведев, Караван, Мұқанов көшелерінде жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Ал 300 млн. теңге 100 аулаішілік жолды қайта қалыпқа келтіруге бағытталған. Тағы 70 млн. теңге қаражатқа 18 мың текше метр болатын жаңа жаяу жүргінші жолы жасалмақ. Сонымен қатар 40-қа жуық аялдама, жол қиылыстарында заманауи бағдаршамдар орнату да көзделген.

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp