«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАЛАБАҚШАЛАР САЛЫНУДА

Бүгінгі күні біздің облысымызда мектепке дейінгі білім беретін 560 мекеме бар, оларда 23 мыңнан астам бүлдіршін тәлім-тәрбие алып жүр. Биыл 400-ден артық кішкентай балғындарға балабақшадан жаңа орын берілген. Жалпы облыс бойынша соңғы төрт жылда “Балапан” бағдарламасы бойынша 10 мыңнан аса бүлдіршін балабақшамен қамтылған. Соған қарамастан, әлі де болса кезекте тұрғандар аз емес.

Облыстық білім басқармасы жыл соңына дейін өңіріміздегі 2-6 жас аралығындағы балалардың 96,8 пайызын мектепке дейінгі білім берумен қамтуды көздеп отыр. Бұл мақсатқа білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2010-2014 жылдар аралығында екі миллиард теңге қаржы жұмсалса, Ұлттық қордан 300 миллион теңге тағы да жаңа балабақшалар құрылысына берілді. Бүгінгі күні Петропавл қаласында 320 орындық мектепке дейінгі білім беру мекемесін салу жұмысы жүріп жатыр. Бұдан бөлек 800 бүлдіршінге арналған мемлекеттік-жекеменшік әріптестік шеңберінде тағы да 3 ғимараттың құрылысы аяқталуға жақын. Білім саласы мамандарының айтуынша, бұл мәселенің жақын күндері түйіні шешіледі.  

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp