«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАПКЕР КЕЛДІ

Қызыл-Жар СК” футбол клубының бас бапкері ауысты. Астаналық “Бәйтерекпен” өткен кездесуден кейін клуб басшылығының шешімімен Эдуард Глазунов өз қызметінен босатылды, деп хабарлады “Қызыл-Жар СК” футбол клубының баспасөз қызметі.

Солтүстікқазақстандық құраманың бас бапкері болып белгілі қазақстандық маман Владимир Линчевский тағайындалды. Клуб басшылығымен алдын ала жүргізілген келіссөз барысында Владимир Викторович жергілікті команданы Премьер-лигаға шығаруға уәде берген көрінеді. Кезінде “Ертіс”, “Батыр”, “Ордабасы”, “Жетісу”, “Қайсар” және ақмолалық “Цесна” футболшыларын жаттықтырған 61 жастағы Владимир Линчевский соңғы уақытқа дейін Бірінші лиганың турнир кестесінің үшінші сатысында келе жатқан “Екібастұз” құрама командасына басшылық еткен.

“Мақтааралмен” болатын кездесуге дейін команданың құрамына біраз өзгерістер енгізілген. Атап айтқанда, футбол клубының басшылығы Сәлім Айдынов пен Сергей Кейлермен келісімшартты бұзса, алдағы уақытта Тимур Мульдинов, Игорь Яценко және Виталий Головешкин қайтадан “Қызыл-Жар СК” футбол клубының намысын қорғайтын болады.  

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp