«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА БАСПАНАЛАР БОЙ КӨТЕРЕДІ

Өңір басшысы Ерік Сұлтанов облыс орталығында салынып жатқан екі тұрғын үйдің құрылысында болды.

Юбилейный-Семашко көшелерінің аумағындағы 126 және 72 пәтерлі 2 тұрғын үй жыл аяғына дейін пайдалануға берілмек. Тоғызқабатты жаңа үйлерде бір, екі және үш бөлмелі пәтерлерді салу көзделген.

Нысандағы құрылыс жұмыстарының барысымен өңір басшысын астаналық бас мердігер – “Руслан сервис ЛТД” жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өкілі Олжас Сапаров таныстырды. Оның айтуына қарағанда, компанияның көпқабатты үйлерді салуда тәжірибесі мол, ал құрылысты уақытында аяқтау үшін материалдар да, жұмысшылар да жеткілікті. Бүгінде үйлердің іргетасын қалау үшін жерді өңдеу аяқталып, тіреуіштерді қағуға дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Ерік Сұлтанов құрылыс жұмыстарын қарқынды жүргізумен қатар, оның сапасына да ерекше көңіл бөлуді тапсырды.

Жалпы биылғы жылы өңірімізде 124,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілмек. Құрылысы жоспарланған 11 көппәтерлі үйдің үшеуі “Нұрлы жол” бағдарламасы аясында бой көтермек.

Облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp