«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖОБА ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Еркебұлан ЕЛУБАЕВ,

журналист.

Облыстық Кәсіпкерлер палатасының басшылығы Мағжан Жұмабаев ауданының шағын және орта бизнес өкілдерімен кездесті. Жиналғандарға алдымен Кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының директоры болып тағайындалған Нұржанат Шәрімов таныстырылып, кәсіпкерлік қызмет үшін жағдайды жақсартудың негізгі қағидалары мен Кәсіпкерлер палатасының қызметі түсіндірілді.

Кездесу барысында, сондай-ақ, “Мәселелер мен өтініштер тізілімі” атты жаңа жобаны таныстырды. Өтініштер тізілімі – бұл кәсіпкерлердің мәселелерін жинастыратын және топтастыратын бөлім. Жүйелі түрде жіберілетін кемшіліктер Ұлттық кәсіпкерлер палатасының жаңартылған palata.kz сайтының негізінде жұмыс істейтін “Мәселелер тізілімі” атты жаңа ерекше онлайн-жобада біріктіріледі. Барлық өтініштер құпия түрде сақталады, яғни бұл ақпаратты палата мамандарынан басқа ешкім көре алмайды.  

Кездесу соңында аудан прокурорының орынбасары Жасұлан Смағұлов заңсыз тексерістер туралы хабарлама жасап, прокуратура органының аудан кәсіпкерлерімен бірге атқарып жатқан жұмыстарына тоқталып өтті.

Мағжан Жұмабаев ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp