Облыс әкімі Ерік Сұлтанов жұмыс бабымен Аққайың ауданында болған сапарында Лесное ауылындағы “Ростан” фирмасының май зауытына арнайы соқты.
Бұл компания бұрынғы май зауыты базасында құрылған. Бірнеше жылдан бері кәсіпорында қайта құру жұмыстары жүргізілді, құрал-саймандар жаңартылды. Өндіріс орнының өнімдері сертификатталған. Кәсіпорын 7 түрлі сүт өнімін шығарады. Олар Қазақстанның басқа өңірлеріне ғана шығарылып қоймай, Ресейге де экспортталады.
Аталмыш компания өңірдің Индустрияландыру картасына “Шығарылатын өнім көлемін арттыру үшін зауытты жаңғырту” жобасымен еніп отыр. 30 мамыр күні бұл жоба жүзеге асырылып, жаңа буып-түю,орау желісі іске қосылды.
Буып-түю цехына қажетті 6 миллион теңгенің құрал-сайманы Ресейден сатып алынған.
“Ростан” компаниясының директоры Владимир Ростовщиков үстіміздегі жылы зауыт Ресейдің Владивосток қаласына 150 тоннадай сыр экспорттауды жоспарлап отырғанын айтып берді. Ерік Хамзаұлы кәсіпорын ұжымына табыс тіледі.
Облыс әкімінің баспасөз қызметі.