«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖОЛДАУ ЖАРИЯЛАНДЫ

Бүгін Қазақстан Республикасының  Президенті  Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада Қазақстан халқына кезекті Жолдауын жариялады.

Құжат еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының өзекті мәселелеріне және халықтың әл-ауқатын одан әрі арттыруға бағытталған міндеттерге арналған.

«2019 жылғы жұмыстарға арналған Жолдауды бүгін жариялаймын. Біз тәуелсіздік жылдарында сіздермен бірге көп жұмыс атқардық. Экономикасы қарқынды дамып келе жатқан заманауи прогрессивті мемлекет құрып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімді қамтамасыз еттік. Бұл біздің үлкен байлығымыз, сапалы әрі тарихи маңызы зор құрылымдық конституциялық және саяси реформалар жүргіздік», – деді Елбасы.

Бұған дейінгі «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталған Жолдау үстіміздегі жылдың 10 қаңтарында жарияланды.Ал наурыз айында Елбасы қазақстандықтардың өмір сапасын жақсартуға бағытталған «Бес әлеуметтік бастамамен» таныстырған болатын.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp