«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖЫЛДЫ ЖЕҢІСПЕН ҚАРСЫ АЛДЫ

Петропавл қаласында 2002-2004 жылдары туған балғындар арасында грек-рим күресінен Аяз ата мен Ақшақардың жүлдесі үшін жаңажылдық турнир өтті. Спорттық шара барысында Қызылжар, Жамбыл, Аққайың, Мамлют және Есіл аудандарының, көршілес Ресей Федерациясының Петухово қаласының, “Күрес” және “Жеңіс” спорт мектептерінің жас балуандары боз кілемге шықты.

Қазылар алқасының шешімімен Әлішер Бейісов (23 кг., “Күрес” мектебі), Хамид Набиев (26 кг., “Күрес” мектебі), Егор Грещук (29 кг., Петухово қаласы), Данил Растихин (32 кг., Мамлют ауданы), Рахат Амангелдин (35 кг., Мамлют ауданы), Давид Звягинцев (38 кг., спорт интернат), Андрей Батичков (42 кг., Петухово қаласы), Ескендір Қакелеев (47 кг., спорт интернат), Андрей Вешкин (53 кг., Есіл ауданы), Артур Савчук (59 кг., Петухово қаласы), Денис Пилипенко (66 кг., “Жеңіс” мектебі) және Родион Искожин (+ 66 кг., “Жеңіс” мектебі) өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанды.  

Қанат АТАМАНОВ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp