Солтүстікқазақстандық журналист, ақын, республикалық мүшайралардың жеңімпазы Нұргүл Оқашеваның жыр жинағы жарық көрді.
Ақын алғашқы кітабын «Күз бен қыз» деп атапты. Өлеңдер жинағымен таныстыру рәсімі Алматыда Сапарғали Бегалин атындағы кітапханада өтті. Нұргүл Оқашева қазір Петропавл қалалық «Қызылжар нұры» газетінің шеф-редакторы.