Қызылжар өңірінің мемлекеттік органдары алдағы жылы еңбекақы төлеудің жаңа жүйесіне көшеді.
2019 жылдың алғашқы тоқсанында әкiмшiлiк мемлекеттiк қызметшiлерге арналған жалақы төлеудiң жаңа жүйесiн енгiзу жоспарланған. Жаңа жүйеде жалақы атқарылған жұмысқа байланысты фактор-балл шкаласы және бонустар төлеуге негізделген. Шенеуніктердің жалақысы бұрынғыдай лауазым деңгейі мен еңбек өтіліне емес, жұмыстың күрделілігіне байланысты болады. Бұған дейін бұл жүйе Астана және Маңғыстау облысында енгiзiлген екен.