«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ЖҮЙЕ ЖҰМЫСЫН БАСТАЙДЫ

1 шілдеден бастап Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі енгізіледі. Осыған байланысты жоспарлы медициналық көмек тек сақтандыру қорына жарна аударған азаматтарға ғана көрсетілетін болады. Сондықтан жаңа жүйе жағдайында әрбір азаматтың мәртебесін айқындау аса маңызды.

“Денсаулық сақтау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” Қазақстан Республикасы Заңының жобасы негізінде алты Кодекс пен он алты Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, онда жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлердің жарналары мен аударымдарының мөлшерлемелері елеулі төмендетілген. Мөлшерлемелер қазіргі экономикалық жағдайға байланысты азайтылды. Мысалы, жұмыс берушілер үшін ең жоғары мөлшерлеме 5 пайыздан 3 пайызға, жеке кәсіпкерлер үшін 7 пайыздан 5 пайызға дейін төмендетілді. Бұл ретте төлеушілердің барлық санаттары үшін бастапқы кезеңдегі мөлшерлемелер төмендетілді. Атап айтар болсақ, жұмыс берушілер қорға 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап әр қызметкердің табысының 1 пайызы, 2018 жылдан бас­тап – 1,5 пайыз, 2020 жылдан бастап – 2 пайыз, ал 2022 жылдан бастап 3 пайызы көлемінде ақша аударып отыруы тиіс.

2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер аударымдарының мөлшерлемесі қызметкер жалақысының 1 пайызын, бірақ ең төменгі жалақының 15 еселенген мөлшерінен көп емес мөлшерді құрайды. МӘМС-ға алғашқы төлемдерді жұмыс берушілер мен жеке кәсіпкерлер, адвокаттар, жеке нотариустар төлей бастайды. Сонымен биылғы жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілер медициналық сақтандыру қорына әр жұмысшы жалақысының 1 пайызын төлейді. Яғни, жалақыңыз 75000 теңге болса, жұмыс беруші қорға 750 теңге төлейді. Жеке кәсіпкерлер де бірінші шілдеден бастап қорға ең төменгі 2 жалақы мөлшерінің 5 пайызын төлейді. Ең төменгі жалақы қазір 24 459 теңге.

Ал қызметкерлер 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалақысының 1 пайызын, 2020 жылдан 2 пайызын жарна ретінде медициналық қорға аударады. 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап мемлекет әлеуметтік жағынан осал 14 санат немесе болжамдар бойынша 10 млн.-дай адам үшін жарна төлейтін болады. Бұл топқа жататындар: балалар, жұмыссыз ретінде тіркелген тұлғалар, жұмыс істемейтін жүкті әйелдер, үш жасқа толмаған бала тәрбиелеп отырған, жұмыс істемейтін тұлғалар, бала туу, жаңа туған сәбиді асырап алу, үш жасқа дейін бала күтімімен айналысу үшін демалыста отырған тұлғалар, 18 жасқа дейінгі мүгедек бала күтімімен айналысып отырған жұмыс істемейтін тұлғалар, зейнеткерлер, соның ішінде, Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ҰОС мүгедектері, сот үкімі бойынша қылмыстық-түзету (пенитенциарлық) жүйесінде (қауіпсіздігі минималды мекемелерді қоспағанда) жазасын өтеп жатқан тұлғалар, тергеу изоляторында отырған тұлғалар, жұмыссыз оралмандар, “Алтын алқа”, “Күміс алқа” төсбелгілерімен марапатталған немесе бұрын “Батыр ана” атағын алған, сондай-ақ, І және ІІ дәрежелі “Ана даңқы” ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, мүгедектер, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ, ЖОО-нан кейінгі білім беру мекемелерінде оқып жатқан тұлғалар, орта, кәсіптік және техникалық, ортадан кейінгі, жоғары білім, сондай-ақ, ЖОО-нан кейінгі білім беру мекемелерін бітірген тұлғалар (олар оқу аяқталғаннан кейін үш ай бойы жарна төлемейді).

“Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы жеке сәйкестендіру нөмірлері базасында аударымдар мен жарналарды есептеу және оларды міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударатын оператор болып белгіленді. Жұмыс берушілерге ыңғайлы болу үшін төлеушілерге міндетті аударымдар мен жарналар бойынша төлем жасауға көмектесетін “Міндетті әлеуметтік аударымдар мен зейнетақы жарналарын есептеу” автоматтандырылған арнайы жүйесі әзірленді. Оны https://gov4c.kz/programmnyeprodukty сілтемесі бойынша тегін орнатуға болады.

Сондай-ақ, ұйымдар, кәсіпорындар және басқа да төлеушілер 1 шілдеден бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды аударатын ағымдағы шоттың ашылғанын хабарлаймыз:

Бенефициар: “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

Бенефициар банкі: “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы” коммерциялық емес акционерлік қоғамы;

БСК GCVPKZ2A

ЖСК KZ92009MEDS368609103

БСН 160440007161

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі бойынша аударымдар мен жарналарды төлеу кезінде мына кодтарды пайдалану қарастырылған:

121 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдар;

122 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналар;

123 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдардың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы;

124 – Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға жарналардың уақтылы аударылмағаны үшін өсімақы;

Жарнаны төлеушілер ақшаны екінші деңгейлі банк немесе “Қазпочта” бөлімшелері арқылы аудара алады. Қаржы “Азаматтарға арналған үкіметке” түседі. Ондағы мәліметтер жіті тексеріледі. Қаржының түскен-түспегенін 2-3 жұмыс күні ішінде тексеруге болады. Егер ақша қайтып келген болса, енгізілген деректерді қайта тексеру қажет.

Лариса ГОРДЕЕВА,

Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp