«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА КАБИНЕТ АШЫЛДЫ

 

Тайынша қаласындағы №4 орта мектепте ерекше білім алу қажеттіліктері бар балаларға арналған инклюзивті кабинет ашылды. Бұл шараға облыс әкімінің орынбасары Руслан Әлішев қатысты. 

Жиында Руслан Қанатханұлы ерекше мұқтаждықтары бар балаларды қоғамға бейімдеп, оларға арнайы жағдай қалыптастыруды көздеген инклюзивті білім беру кабинетінің жұмысына сәттілік тіледі. 

Кабинетте мектеп мұғалімдерімен қатар логопед-дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог балалармен жұмыс жасайды. Заманауи инновациялық әдiстер қолданылатын орталықта балалар үшін барлық жағдай жасалған, қажетті құралдармен жабдықталған. Мұның барлығы балаларды әлеуметтiк өмiрге бейiмдеп, елiмiздiң толыққанды азаматарын қалыптастыруға септiгiн тигiзбек.
 

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp