Петропавлда жыл бойы көкөнiс сақтауға арналған заманауи қойма пайдалануға берілді.
Жергiлiктi кәсiпкер Дмитрий Шарапаев басқаратын «Радуга» ЖШС мемлекеттiк қолдаудың арқасында жаңа көкөнiс қоймасын салды.Ғимарат соңғы үлгiдегi желдету және суыту жүйелерiмен қамтамасыз етiлгендіктен мұнда көкөнiсті, оның iшiнде мемлекеттік тұрақтандыру қорының өнiмдерін де, сапалы әрi ұзақ сақтауға болады. Қойманың сыйымдылығы – 2 мың тонна. Облыс орталығындағы бұған дейінгі 4 қойма ескi, әрі талапқа сай емес болғандықтан көкөнiс наурыз айына дейiн ғана сақталатын. Енді көктемге қарай көкөнiс бағасы шарықтамайды. Биыл облыста 588 мың тонна картоп, 110 мың тонна көкөнiс жиналды.