«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МАУСЫМ АШЫЛДЫ

“Жайдарман” лигасы жаңа маусымының ашылуына облысымыздың аудандарынан, Петропавлдағы колледждер мен университеттен, сондай-ақ, Астана қаласы мен Ақмола облысының Целиноград ауданының жастарынан құралған 17 команда қатысты.

– Қатысушылардың дайындық деңгейі біршама өскені байқалады. Олардың фестивальға аса зор жауапкершілікпен қарағандығы анық. “Жайдарманға” жаңадан қадам басып жатқан жас командалар бар. Бүгінгі фестивальдың оларға берері көп болып, мол тәжірибе жинақтады деген сенімдеміз, – дейді облыстық “Жайдарман” фестивалінің директоры Ерлік Мұхамеджанов.

Байқау қорытындысы бойынша, 9 команда үздік шықты. Олардың ішінде елордамыз Астанадан, Ақмола облысынан келген, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Есіл, Қызылжар аудандарының құрама командалары бар. Олар қараша айына жоспарланған Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің кубогы үшін өтетін фестивальға жолдама алды.

Орынбасар ТӨЛЕПБЕРГЕНҚЫЗЫ,

“Солтүстік Қазақстан”.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp