«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МАУСЫМ БАСТАЛДЫ

Облыстық балалар шығармашылығы орталығының сахнасында өткен күлкі мейрамына “Қызылжар” жайдарман лигасының ойыншылары да қатысты.

Екі сағатқа созылған бәсеке тартысты өтті. Әр команданың бұл ойынның жауаптылығын жете түсініп, жоғары деңгейде дайындалып келгені байқалып тұрды. Бүгінгі өзекті тақырыптарға құрылған әзілдер, командалардың сахнадағы қимылдары, билері мен әндері көрермен көңілінен шықты.

Фестиваль барысында КТК ойыншылары орынды әрі ұтқыр әзілдерімен және актерлік шеберліктерімен көрермендерді тәнті етіп, зор қолдауға ие болды. Ұтымды айтылған әзіл мен өзекті тақырып көтерілген нөмірлер сайысты одан әрі қыздыра түсті. Жастардың өнеріне риза болған қызылжарлық көрермен де қол соғып, қошеметін аяған жоқ.  

Келесі ойын Наурыз мейрамы қарсаңында өтеді.

(Өз тілшіміз).

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp