«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

Жаңа маусым шымылдығы түрілді

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театры 5 қазан күні өзінің XVIIІ театр маусымын Асахмат Айларовтың “Келісім шарт бойынша қалыңдық” спектаклімен ашты.

Қойылымның режиссері Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Әлімбек Оразбеков. Комедия адамзаттың бақытты өмір сүруі өзінің қолында екені туралы сыр шертеді. Жалқаулық, ішімдікке құмарлық сияқты теріс әдеттерді күлкімен әжуалап, ер мен әйелдің қоғамдағы орындары жөнінде сахналанған әсерлі спектакль қалың көпшіліктің зор қошеметіне бөленді. Театр маусымының ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Анархан Дүйсенова қатысты. Қойылым соңында облыс басшысы Ерік Сұлтановтың ықылас гүлі табысталды.

Балжан БЕКМАҒАНБЕТОВА,

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының әдебиет бөлімінің меңгерушісі.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp