«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА МЕКТЕПТЕГІ ЖЫЛЫ ЖҮЗДЕСУ

 

Мен облыс орталығындағы “Береке” шағынауданындағы ардагерлер кеңесінің төрайымымын. Жуырда аталған шағынауданда бой көтерген №25 қазақ орта мектебі ұжымы қонаққа шақырды. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы аясында Сәуле Тұрсынова басқаратын мектеп ұжымы осы шағынауданда тұратын білім саласы ардагерлерінің басын қосып, құрметтерін көрсетті. 

Заманауи талапқа сай салынған мектептің іші жайлы, оқушылары ізетті екен. “Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, шеше тұрып қыз сөйлегеннен без” деген ұлағатпен өскен балалар алдымыздан кесе-көлденең өтпей, сыйластықтарын танытқанына риза болдық. Осы бір жылы жүздесудің барысында мектеп оқушылары әзірлеген концерттік бағдарламаны тамашаладық. Көңіліміз көтеріліп, мерейіміз өскенін несіне жасырайын.

Білім саласында 37 жыл жұмыс істегендіктен, мұғалімдердің еңбегі ерен екенін жақсы білемін. Сол себепті, оқушыларға сапалы білім беріп қана қоймай, оларды танымдық-тағылымдық шараларды өткізу арқылы тәрбиелеп, бағыт-бағдар сілтеп отырған мұғалімдерге алғысымызды айтқымыз келеді. Қазір қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарды қолдау айлығы аясында осындай іс-шаралардың барлық мектептерде ұйымдастырылуы құптарлық іс. Осы арқылы өскелең ұрпақты қолына іс, мойнына күш алып, ата-анасын бағар азамат етіп тәрбиелеуге болады.

Бәтимә КАСИЕНОВА,
зейнеткер.
  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp