Өткен жылы облыстық және аудандық жастар бастамалары орталықтарына жұмысқа орналасу мәселесімен жастар қатарынан 1026 адам келсе, оның 702-сі жұмысқа орналастырылған.
Облыстық жастар саясаты басқармасы басшысының міндетін атқарушы Ирина Тухватулина өңірде тұратын жастар саны 120 мыңнан асатынын, осы жылы мектеп бітірушілер мен жұмыссыз жастарға тегін кәсіптік-техникалық білім беру бағдарламаларын түсіндіру мақсатында бірыңғай байланыс орталығын ашу жоспарланып отырғанын хабарлады.