«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ОРЫНБАСАРДЫ ТАНЫСТЫРДЫ

Кеше облыстық әкімдікте өткен аппараттық кеңес кадрлық тағайындаудан басталды. Өңір басшысының өкімімен Антон Владимирович Федяев Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері жөніндегі орынбасары болып тағайындалды.

А.В.Федяев 1968 жылы Петропавл қаласында туған. Ленин және “Октябрь революциясы” орденді Мәскеу энергетика институтын инженер-жылу физигі мамандығы бойынша тамамдаған. Еңбек жолын 1993 жылы Петропавл №2 жылу-электр орталығында турбина қондырғыларының қараушы машинисі болып бастаған.

1993-2008 жылдары Петропавл №2 жылу-электр орталығында турбиналардың аға машинисі, турбина цехы ауысымының басшысы, “Аксесс-Энерго ПЖЭО-2” ЖШС-і басқару станциясы ауысымының басшысы, бас инженердің пайдалану жөніндегі орынбасары – өндірістік-техникалық бөлімнің басшысы, “СевКазЭнерго Петропавловск” ЖШС бас инженерінің пайдалану жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарды.

2008 жылдан осы тағайындауға дейін Солтүстік Қазақстан облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы болды.

Өңір басшысы жаңа орынбасарына жұмысында табыс тіледі және оған бірқатар міндеттер жүктеді.

– “Нұрлы Жол” Ұлт жоспары бағдарламасының шеңберінде жылу, су құбырлары мен кәріз жүйелерін қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады. Тозығы жеткен бұл желілерді жөндеу қажет. Сонымен қатар, облыс жолдарын жөндеу бағытында жұмыстар өз жалғасын табады. Тұрғын үй құрылысында да біз баспаналарды пайдалануға беру қарқынын 30-40 пайызға арттыруға тиіспіз, – деді Ерік Сұлтанов.

Облыс әкімінің

баспасөз қызметі.

Суретті түсірген

Талғат ТӘНІБАЕВ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp