Айыртау ауданындағы «Бабық-Бұрлық» ЖШС-нің диқандары дәнді дақылдар алқабының 1 гектарынан 62,5 центнер өнім алып, өңір рекордын жаңартты.
Серіктестік басшысы Сейілбек Махметовтың айтуынша, мұндай жетістіктің сыры жермен дұрыс жұмыс істеуде. Бұған дейін облыста астықтың шығымдылығы жөнінен ең жоғары көрсеткіш — 55 центнер «Тұқым» ЖШС болатын.
Ал жалпы Қызылжар өңірі бойынша қазіргі күні орташа шығымдылық гектар басына 14 центнерден айналуда, астықтың 32 % бастырылған.