Тайынша ауданында жаңа товарлы сүт фермасы іске қосылды.
Бұл – биылғы жылы еліміз бойынша құрылысы жүргізіліп жатқан қуатты 10 ферманың бірі. Қызылжар өңірінде осындай тағы үш сүт кешені ашылмақшы. Қазіргі заманғы жабдықтармен жарақтандырылған кәсіпорынның сапалы өнімдеріне сұраныс мол болады деп күтілуде. Сонымен қатар мұндай өндіріс орындары ауыл тұрғындарын тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуге де септігін тигізеді.