Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің лауазымына К.Мәсімовтің кандидатурасын Парламент Мәжілісінің қарауына ұсынды. Парламент Мәжілісінің депутаттары бұл ұсынысты бірауыздан мақұлдады.
***
Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Нығматулин Президент Әкімшілігінің жетекшісі болып тағайындалды. Нұрлан Нығматулин бұған дейін Парламент Мәжілісінің спикері болып қызмет атқарған.
***
Мемлекет басшысының Жарлығымен Серік Ахметов Қорғаныс министрі қызметіне тағайындалды. Ол жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Премьер-Министр қызметін атқарды.
***
Мемлекет басшысының Жарлығымен Әділбек Жақсыбеков Мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалды. Ә.Жақсыбеков 2009 жылдан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі қызметін атқарып келді.