«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ТЕХНИКАЛАР АЛЫНДЫ

Айыртау ауданының коммуналдық қызметі төтенше жағдайлар кезінде ауыр жұмыстарды атқаратын үш техникамен толықты.

Техникаларды сатып алуға еліміздің мемлекеттік материалдық резервінен қаржы бөлінген.

Аудан әкімі Ағзам Тастеміров бұл техникалардың жылдың қай мезгілінде болсын қажет екендігін айтты. Ол қазіргі таңда еріген қар суының салдарынан бірнеше елді мекендердің жолдарына зиян келгендігін алға тартып, оларды қайта қалпына келтіру үшін ауыр техникалар керек екендігіне тоқталды.

Биылғы қыста Айыртау-Светлое бағытындағы жолдар апталап аршылмай, жабық болғанын еске алсақ, бұл заманауи техникалар ауданымызға қажет-ақ.

Бағлан КЕНЖЕБАЙҰЛЫ.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp