«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ТЕХНИКА АЛДЫ

Өткен аптада Астана қаласындағы астаналық саябақ алаңында төтенше жағдайлар аумақтық бөлімшелерінің басшыларына арнайы және апаттық-құтқару автокөліктері салтанатты жағдайда табыс етілді.

Аталмыш шарада біздің облыстық “Өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесі де назардан тыс қалған жоқ: еншімізге техника тиді, олар: жылжымалы өрт сөндіру-техникалық зертханасы және жол таңдамайтын көлік.

Жылжымалы зертхана өрт болған жерге өрт-техникалық сарапшыларын, арнайы және қосымша жабдықтарды жеткізуге арналған. Ол бірінші кезекте өртпен байланысты қылмысты жедел ашу мен тергеуге, сонымен қатар өрт дерегі бойынша дәлелдеу базасын қалыптастыруды қамтамасыз ету үшін қолданылады.

Бұл техника облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонының құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет жасауына, апаттық-құтқару және өзге де күрделі жұмыстарға дайын болуына, сондай-ақ оқиға болған жерге шұғыл жетуіне мүмкіндік береді.

Аман ӘУЕСХАНОВ,

облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі

 департаменттің баспасөз қызметкері.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp