Петропавл қаласының көпқабатты тұрғын үйлеріндегі “Қазақтелеком” АҚ-ның абоненттері Интернет желісіне қатынаудың ADSL технологиясынан FTTH технологиясына көшіріледі.
Солтүстік өңірлік телекоммуникация дирекциясы телекоммуникация желілерінің жаңартылуына байланысты 16 сәуірден Петропавл қаласындағы абоненттерін FTTH технологиясына көшіруін бастады. Телекоммуникация дирекциясының баспасөз қызметі қайта қосу алдымен FTTH технологиясы жеткізілген аумақтардағы көпқабатты үйлерде жүргізілетінін айтады. Техникалық мүмкіндіктердің жаңартылуы нәтижесінде тұтынушылар “Қазақтелеком” АҚ ұсынатын iDNet сауда маркасының жоғары жылдамдықты Интернетін пайдалана алады. Сонымен қоса бұрынғы телефон нөмірін сақтап қалады.
Қайта қосудың күнін белгілеу үшін “Қазақтелеком” компаниясының операторлары абоненттерге алдын ала хабарласады. Жаңа технологияға көшу жөнінде толық ақпаратты “160″ нөмірі арқылы білуге болады.