Сәбит Мұқанов атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханада оқырмандарға қорға келіп түскен жаңа әдебиеттер таныстырылды.
Мұнда түрлі салаға қатысты кітаптар ұсынылған. Мысалы, бизнеспен айналысуға ден қойғандар үшін маркетинг, менеджмент тақырыптарында түскен әдебиеттер саны басым. Мәселен, жеке іс ашуға ынталандыратын әлемге белгілі авторлар Р.Кийосаки, С.Кови мен Б.Трейсидің танымал кітаптары да оқырман қызығушылығын тудырды.
Сөрелер “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында басылып шыққан кітаптардың бірнеше данасымен де толығып отыр. Аталмыш тақырыпта өзге тілдерге аударылған қазақ шығармалары да көрініс тапқан. Танымал қаламгер Олег Ройдың, интернет жұлдыздары Елена Звездинаның, Янина Логвинның авторлық туындылары да көрмеге келген оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыра түсті.