«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚАДАМ

Теңгенің еркін бағамға көшуі ұлттық валютаның жұмысқа қабілеттілігін арттырады. Сондай-ақ, ол еліміздің әлемдік нарыққа жасаған жаңа қадамы болып табылады. Мұндай оңтайландыру қадамдары әлемдік экономикадағы ахуалға байланысты жүргізіліп отырған саясат деп білемін.

Біз соғыстың зардаптарын көрген ұрпақпыз. Бұдан да қиын, өте ауыр жағдайда өмір сүрдік. Ішерге ас, киерге киім таппаған, бейбітшілік аспанын бұлт торлаған сол заманда да халқымыз бірлігінен ажыраған жоқ. Ғажабы да сол, халқымыз жақсылыққа сене түсті. Сондықтан, өз басым доллар бағамына байланысты қалыптасқан ахуалдан дүрбелең тудырудың, алаңдаудың қажеті жоқ деп есептеймін. Өйткені, қазақ елінің әлемдік экономиканың бір бөлшегі екенін ұғынуға тиіспіз. Оның үстіне, мемлекет әлеуметтік жауапкершілікті толық сезініп отыр. Әлеуметтік төлемдердің қысқартылмайтыны, халықтың әлжуаз тобы мемлекеттің қамқорлығында болатынының өзі үлкен демеу деп есептеймін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев теңгеге байланысты мұндай ахуалдың алдағы жылдарда да сақталуы мүмкін екендігін мәлімдегені рас. Мұндай болжам жасауға мұнай бағасының түсуі, әлемдегі гео-экономикалық, геосаяси ахуалдар тікелей себеп болып отырғаны белгілі. Сондықтан да халықты барлық жағынан да үнемдеуге және ұйымшылдыққа шақырған Елбасының ескертуіне жете мән беруіміз қажет деп есептеймін. Әр нәрсенің де сұрауы бар екендігін уақыт дәлелдеп отыр. Сондықтан “Сабыр түбі – сары алтын” екенін естен шығармай, қызбалыққа салынбай, еліміздің тыныштығы үшін жұдырықтай жұмылып атсалысқанымыз абзал.

Айтмағанбет ДАУЫЛБАЕВ,

еңбек ардагері.

Айыртау ауданы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp