«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОЙЫЛЫМЫН ҰСЫНДЫ

Сәбит Мұқанов атындағы облыстық қазақ сазды-драма театрының репертуары тағы бір жаңа қойылыммен толықты. Осы жолы өнер ордасы өз көрермендеріне махаббат тақырыбындағы «Жылымық» спектаклін ұсынды. Драматург, жазушы Оралхан Бөкейдің әңгімесі желісінде сахналанған қойылым – театр жанынан құрылған «Старт драма театр» зертханасының үшінші жобасы.

Жаңа туындыны тамашалауға келгендер бұл жолы ерекше әсерге бөленді. Әртістер әдеттегідей сахнада емес, театрдың көгілдір залында өнер көрсетті. Қоюшы режиссер Фархад Молдағалидің айтуынша, спектакль көркем радио хабары жанрында дайындалған. «Старт драма театр» зертханасы ізденіс орталығы болғандықтан, бұл қойылым өзгеше форматта сахналанды. Яғни, мұнда кейіпкерлер өзара тілдеспейді, олардың монологы сахна сыртындағы дыбыспен ғана беріледі. Әртістердің эмоциясы, түрлі сезімге енуі де қимыл-қозғалыс, ым-ишара негізінде жеткізіледі. Қойылымның жанды музыкамен сүйемелденуі де көрерменге ерекше әсер береді.   

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp