«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОНДЫРҒЫНЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІ ЗОР

Облыс орталығында орналасқан №3 аурухана жаңа қондырғымен толықты. Хирургия бөлімшесіне қойылған бейнеэндоскопиялық кешеннің жалпы құны – 14 миллион теңге.

Жапондық “Олимпус” фирмасы шығарған бейнеэндоскопиялық кешенді сатып алуға қажетті қаражат республикалық бюджеттен бөлінген екен. Құрылғының көмегімен ішек, тоқішек, асқазан ауруларын монитор арқылы ұлғайтып көруге болады. Тіпті, зақымданған жерді суретке түсіріп, арнайы флешкаға сақтап қою мүмкіндігі де бар.

– Эндоскопиялық ауруларды анықтауда бұл қондырғыға ешқайсысы тең келмейді. Науқасты небары 2 минуттың ішінде қарап, нақты диагноз қоя аламыз. Мұны “ноухау” технологиясы деп айтуға болады, – дейді №3 қалалық аурухананың эндоскопист дәрігері Константин Зырьянов.

Аталмыш аурухана жыл сайын заман талабына сай соңғы үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуде. Айта кету керек, емдеу мекемесіне жыл соңына дейін тағы жаңа төрт қондырғы жеткізілмекші.

Самат ҚАЙЫРДЕНҰЛЫ,

журналист.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp