«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚОСЫН – ЗАМАН ТАЛАБЫ

Құтқарушылар күні қарсаңында Аққайың ауданындағы №9 өрт сөндіру бөлімінде газ-түтіннен қорғау қызметінің жаңа қосыны іске қосылды.

– Аудан бөлімшелерінде аталмыш қосындарды ашудағы мақсат қызыл жалынмен арпалысқан мамандардың жұмыстарын ғана жеңілдету емес, ол бірінші кезекте адамның өмірін сақтап қалу үшін қажет, – деді салтанатты шараға қатысқан облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент бастығының орынбасары Біржан Кәрімов.

Осы салтанатқа қатысқан меймандар өрт сөндіру бөлімінің тыныс-тіршілігімен танысты. Жаңа қосын заманауи қондырғылармен жарақтандырылған. Ендігі кезекте мамандар бұл жабдықтармен қалай жұмыс істеулері керектігін толық меңгеруге тиіс. Соның бірі – түтіннен тұншыққан адамның тыныс алуына арналған “DRAGER” қондырғысы. Оның өртсөндірушілердің қауіпті де қатерлі жұмыстарында жәрдемі мол.

Дмитрий ЛИСОВИК,

Аққайың аудандық №9 өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp