«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ҚҰРАЛДАР ТАБЫСТАЛДЫ

Айыртау аудандық ауруханасына оттегі концентраторлары сыйға тарту етілді.

Бүгінде аудандық емдеу орталығының материалдық-техникалық базасын жақсартуға барлық күш жұмсалуда. Қауіпті індетпен күрес жүргізуде аудан азаматтары жұдырықтай жұмылып, қолдан келген көмектерін көрсетуде. Әсіресе, Айыртау ауданының құрметті азаматы, «Гусаковка» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Навои Сердалиннің қолдауы ерекше екенін айтып өткен жөн. Қайырымды азамат жалпы сомасы 1 миллион теңгеден астам 2 оттегі концентраторын сатып алды.

«Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» демекші, Навои Мақатайұлының қайырымдылығы мұнымен шектелмейді. Аудандық мәслихат депутаты ретінде Гусаковка ауылдық округіндегі әлеуметтік мәселелерді шешуге белсене атсалысуда. Ауылдық дәрігерлік амбулаторияға, Гусаковка орта мектебіне үнемі қамқорлық жасап, шаруашылық жұмыстары мен ауыл тұрғындарының мәселелеріне көңіл бөлуде. Осындай іскер, қамқор жандардың арқасында биыл аурухананың материалдық-техникалық базасы жаңа аппараттармен толықты. Қазір мұнда 2 жасанды тыныс алу аппараты, 12 оттегі концентраты, 26 пульсоксиметр бар. Айыртау аудандық ауруханасының бас дәрігері Серік Әлмесеков 66 миллион теңгеге медициналық құралдар мен емдеу мекемесінің бірінші қабатына жөндеу жүргізілгенін, жасанды тыныс алу, ультрадыбыстық зерттеу аппараттары, екі автокөлік сатып алынғанын айтты.  

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp