Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күні қарсаңында облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің “Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің алаңында жаңа өрт сөндіру техникасының кілті салтанатты түрде табыс етілді.
Солтүстік Қазақстан облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті бастығының міндетін атқарушы, полковник Әсет Ысмағұлов Петропавл қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бастығы, өртке қарсы қызмет майоры Сәкен Ағзамовқа Отанымызда шығарылған “КамАЗ” АЦ-6-70-7(43118) автомашинасының кілтін тапсырды.
Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар жөніндегі комитеті сатып алатын барлық техника облыстың өртке қарсы қызмет гарнизонының құтқару бөлімшелерінің төтенше жағдайлар кезінде іс-әрекет жасауына, авариялық-құтқару және өзге де аса қиын, кейінге қалдыруға болмайтын жұмыстарды жасауға дайындығын қамтамасыз етеді, халыққа жедел көмек көрсету үшін оқиға болған жерге құтқарушылардың шұғыл жетуіне мүмкіндік береді.
Аман ӘУЕЗХАНОВ,
облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің
баспасөз хатшысы.