«Soltüstık Qazaqstan»

PDF

ЖАҢА ӨМІРГЕ ЖОЛДАМА

 Биыл М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан универси­тетін 1500 жас тамамдап, ере­сек өмірге жолдама алады. Об­лыс орталығында өткен салта­натты шара үздік диплом иегер­леріне арналды. Кешке облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов, мәртебелі меймандар, универ­ситет оқытушылары мен түлек­тердің жақындары қатысты. Жаңа белеске қадам басқан жастарды айтулы күнмен өңір басшысы құттықтады.

«Бүгінгі күн – сіздер үшін үлкен арман мен мақсаттарға жол ашатын өмірдің маңызды белесі. Университеттің профес­сорлары мен оқытушылары бұл жолды сіздермен бірге жүріп өтті. Сіздер өз болашағына жауапты, алға ұмтылған, білім мен білікті қатар меңгерген ма­мансыздар. Өңірде экономика ілгерілеп, жаңа жұмыс орында­ры ашылып жатыр. Заманауи нысандар бой көтеруде. Мұның бәрі – жастардың алаңсыз ең­бек етіп, мақсаттарын іске асы­руы үшін жасалған қамқорлық, – деді Ғауез Торсанұлы.

Құттықтаудан кейін мей­мандар магистратура мен бака­лавриятты тамамдаған жастарға диплом табыстады. Салтанатты шараға келген түлектердің ата- аналары мен жақындарының жүзінен де шаттықтың лебі сезі­леді. Шара соңы мерекелік кон­цертке ұласты.

«Университетте өзімді жан- жақты шыңдап, бойымдағы қабі­леттерімді дамытудың мүмкіндік­тері көп болды. Осы жолда бағыт- бағдар беріп, білімін аямаған оқытушыларға алғыс білдіремін», – дейді университет түлегі Аяулым Ералхан.

Диас АЯҒАН,

«Soltüstık Qazaqstan».

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Share on facebook
Facebook
Share on telegram
Telegram
Share on whatsapp
WhatsApp