“Нұр Отан” партиясының облыстық филиалында Елбасының “100 нақты қадам” стратегиялық жоспары аясында “Мемлекетті жаңғырту және жемқорлық – өзара үйлеспейтін ұғымдар. Алдын алу жұмыстарының тиімділігі” тақырыбында қоғамдық тыңдау өтті.
– Елбасының Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында экономиканың барлық салаларының даму жолдары көрсетілген. Ол үшін бюджеттен қомақты қаражат бөлінген. Аталмыш қаражатты тиімді, мақсатты пайдалану өте маңызды. Сондықтан Елбасы “Нұр Отан” партиясына аталмыш мәселені қадағалауға атсалысып, бақылау жүргізуді тапсырды, – деді “Нұр Отан” партиясының облыстық филиалы төрғасының бірінші орынбасары Артур Молдағұлов.
“Қазақстанның Азаматтық альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсылығын қалыптастыру үшін бірқатар шаралар ұйымдастырған. Зерттеу жұмыстары мен сауалнама нәтижесі бойынша облыс тұрғындарының 70 пайызы билік органдарына сеніммен қарайды екен.
– Әр мемлекеттік орган сыбайлас жемқорлықпен күреске өз үлесін қосуда. Алайда, оны түбегейлі жою әлдеқайда маңызды. Осы орайда біз балалар, еңбек жасындағы және зейнеттегі адамдар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз, – дейді “Қазақстанның Азаматтық альянсы” заңды тұлғалар бірлестігі облыстық филиалының төрағасы Сергей Худяков.
Әсел ОРАЗБАЕВА.